"Республика күні-ұлттық мереке"
26 қазан күні екі бауырлас мемлекет арасында алтын көрпірге айналған Жоғары қазақ-түрік гуманитарлық-технологичлық колледжінде "Республика күні-ұлттық мереке" атты 25 қазан Қазақстан Республикасы 29 қазан Түркия Республикасының республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Аталған іс-шараны Жоғары басқару органының төрағасы Сабри Хизметли құттықтау сөзімен ашты. Мерекелік іс-шара колледж директоры Гүлім Жалғасынқызы мен колледж оқытушыларының баяндамалары және концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.