Жоғары Қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжін 2005 жылы "Орталық Азия Мәдениет Қоры" қоғамдық қоры Шет тілдері және іскерлік карьера университеті жанындағы жеке білім беру ұйымы ретінде ашылды. Колледж Қазақстан мен Түркия арасындағы достық көпірі болып табылады. Қазақстандағы негізгі демеушілер Түркия Республикасының Елшілігі, Түркияның мәдени орталығы, Орталық Азияның мемлекеттік қоры, банктер және Хамле/Улкер компаниялары.
2012-2013 оқу жылында Білім Министрлігінің мемлекеттік аттестациясынан, ал 2019-2020 жылдары халықаралық аккредиттеуден сәтті өтті, 2022 оқу жылында аккредацияның соңғы бақылауынан өтті.
Колледждің мақсаты-жаңа заманның талаптарына жауап беретін мамандарды даярлауға өз үлесін қосып, әрбір аяқтаушы маман одан әрі тұрақты жұмысқа орналасуға, ұмтылыспен, ізденіспен алған біліміне сәйкес табысты еңбек етуге, оның лайықты нәтижесін көруге тиіс.
Алға ұмтылу болашақ мамандарға мақсатқа бағдарлануға, белгілі бір салада дағдыларды игеруге, осы саланы жан-жақты қалыптастыруға, жетілдіруге көмектеседі. Ал бәсекеге қабілетті мамандар әрқашан мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосады.