«Ұстаз – ұлы есім» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Кдм мүшелері мен колледж активисттері, "ұстазы жақсының, ұстамы жақсы" демекші ұстаздарға деген жылы, ізгі ниетін концерттік бағдарлама арқылы жеткізді. Күмбірлеген күймен басталған іс-шара мың бұралған биші қыздар мен қоңыр дауысты әншілеріміз жалғастырып, әдемі көрініс тапты. Жоғары қазақ-түрік гуманитарлық техникалық колледжінің ұстаздарын құттықтау үшін, Жоғары басқару органынның төрағасы доктор, профессор Сабри Хизметли және өнер мектебінің директоры мен оқушылары да арнайы келді. Кеш барлық ұстаздардың көңілінен шықты. Ізгі ниетпен жасалған іс-шара өндірістік оқу-тәрбие жөнінде директордың орынбасары Ақаева Ғалия Атибаевнаның басқаруымен өтті. "Ұстаздан шәкірт озар" демекші, болашақ ұстаздар, оқытушыларының ізімен келе жатканын тағы бір дәлелдеді. Ұстаздар мерекесі құтты болсын!