14.10.2022 жылы Жоғарғы қазақ-түрік гуманитарлық техникалық колледжі студенттерінің "қызықты көңіл, студенттік өмір атты "студенттерді қабылдау кеші" өтті. Кеш, жоғары курс студенттерінің, оның ішінде жастар ісі комитетінің ұйымдастырылуымен және директордың орынбасары Ғалия Атибаевнаның басқаруымен өтті. Кеш салтанаты дәстүрлі түрде өтіп, 1-курс студенттеріне: білім кілті, білім кітабы және студенттік билет табыстаумен басталды. Бұл кеш арқылы студенттер, өздерінің колледждерімен танысып, өз жауапкершіліктерін айқындады десекте болады. Жыл сайынғы, дәстүрлі студенттерді қабылдау кешінің соңы, жоғарғы курс студенттері ұйымдастырған "би кеші" арқылы жалғасын тапты.