Жоғары қазақ - түрік гуманитарлық - технологиялық колледжінде 2024 жылдың сәуір айының 25-ші жұлдызында 9-11 сыныптар аралығында ашық есік күніне арналған іс - шара өткізілді. Аталған іс -шараға Алматы қаласы және Алматы облысы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін сынады.
Ашық есік күніне келген оқушыларға профоринтация жұмысы бойынша колледж туралы ақпараттар беріп таныстырылды. ЖҚТГТ колледжінің мүмкіншіліктері мен артықшылықтары туралы айтылды. Колледж ішінде оқу ғимараттарына экскурсия жасалып колледждің материалдық – техникалық базасымен де таныстырылды.
Ашық есік күні барысында әрбір қатысушыға 10 пайыздық жеңілдік сертификаттары табысталды. Сонымен қатар 1-2-3-орындаға 15, 30 және 50 пайыз аралығындағы жеңілдік сертификаттары табысталды. Атап айтқанда мектеп оқушыларының әл-ауқатын арттыру мақсатында Жоғары басқару органының төрағасы, доктор, профессор Сабри Хизметли мырза колледжге түсуші талапкерлеге өз атынан демеушілік жасап 10 ішкі грант ұсынды.
Гранпри жеңімпаздары ішкі грантқа ие болып өз ризашылықтары мен жылы лебіздерін білдірді. Болашақ тәлімгерлер колледждің әл-ауқатының жоғары деңгейде екеніне куә болып өзін қызықтырған сұрақтарға жауап алды және болашақта осы мекемеде білім алғысы келетіндерін білдірді.
Ашық есік күнінің жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан және қолдау білдірген Жоғары басқару органының төрағасы, доктор, профессор Сабри Хизметли мырзаға және колледж әкімшілігі мен оқытушылар құрамына, жастар ісі комитетіне зор алғыс білдіреміз.