«Жоғары қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжінде» 25 қазан Республика күніне және 29 қазан Түркия Республикасының мерекесіне орай екі елдің арасындағы достық пен тарихи мәдени байланыстың нығаюына арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Құрметті халқым!
Қадірлі Түрік бауырлар!
Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан тілейміз!
27 қазан күні «Жоғары қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжінде» 25 қазан Республика күніне және 29 қазан Түркия Республикасының мерекесіне орай екі елдің арасындағы достық пен тарихи мәдени байланыстың нығаюына арналған  мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеге  Түркия Республикасының Алматы бас консылының білім беру жөніндегі аттәшесі  Махмут Агырман мырза мен дін қызметтері жөніндегі аттәшесі Емрулла Үзім мырза да қатысып сөз сөйледі. 

Аттәше өз сөзінде колледжіміздің өркендеуіне, шәкірттеріміздің елеулі қызмет иелері болуына, тілегін білдіріп,  бауырлас елдердің арасындағы ынтымақтастықтың, бірліктің  дәлелі «алтын көпірдің» берік болуы болашақ үшін маңызды екендігін атап өтті.


Жоғары басқару органының төрағасы, доктор, профессор Сабри Хизметли ұстаздар мен студенттерге Республика күнінің тарихына шолу жасап, осындай мерекелердің жас ұрпақты тәрбиелеуде өз Отанын құрметтеуде алатын орнын атап өтті. 


Колледж  директоры  Молдакулова Мая ханымның құттықтау сөзінен кейін оқытушылар қазақша, орысша және түрікше баяндамалар оқып, республика мерекесінің мәні мен маңыздылығын жастарға түсіндірді.
Аталған іс-шарада студенттер  патриоттық әндер айтып және  көркем сөздер  оқыды. 

 

Жоғары қазақ-түрік
гуманитарлық-технологиялық колледжі
+7 (727) 379 78 94
+7 (727) 379 78 93
Қазыбек би, 168, Алматы, Қазақстан
aktgtk309@mail.ru