Мемлекеттік тілде іс жүргізу
Жоғары қазақ - түрік гуманитарлық колледжінде өткізіліп жатқан" Тіл- татулық тірегі" атты тақырыбындағы он күндік апталықтың жоспары бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Нарымбетова К.М. "Мемлекеттік тілде іс жүргізу " пәні бойынша 18.10.23ж. күні ашық сабағын өткізді. Ашық сабақтың мақсаты:білім алушылардың тілді құрметтеуге, ана тілімізде құжаттарды сауатты жазып меңгеруге, дағдыларын қалыптастыру жолында тәрбиелеуге баулу. Сабақтың барысында білімалушыларды жан- жақты, қабілетті, жағдаятардан жол тауып шыға алатындай ептілікке баулып, топпен,жеке, өз ойларын нақты жеткізе алатындай тұлға қалыптастырды.