«Жоғары Қазақ-Түрік гуманитарлық-технологиялық колледжі»-нің оқытушылары мен суденттері! Сіздерді «Ұлыстың ұлы күні - НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ-мен құттықтаймын. Жаңа Күн, көктем сіздерге барлық жақсылықты әкелсін. Наурыз мерекесі елімізге, халқымызға, отбасыларымызға мол-құт береке бастауышысы болсын. Наурыз айт-мерекесі құтты болсын.
ЖҚТГТК-нің Жоғары Басқару Органының Төрағасы
Доктор, профессор, Академик Сабри ХИЗМЕТЛИ
«21 наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелу күні. Қытымыр аяз бен қара суықтың орнына көктемгі жайма-шуақ ауа райы орнап, мыңдаған шақырымды еңсерген құстар аяулы ұяларына қайтып оралатын, тіршілік атаулы жанданып, мұз құрсауында қалған өзен-көлдер еріп, қуаттана түсетін осынау берекелі маусым - түркі халықтарының ғасырлар бойы тойлап келе жатқан басты қуанышы - Наурыз мейрамы. Ортақ үйіміз Жоғары қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжіміз аталмыш мейрамымызды атап өттік. Мереке Жоғары басқару органының төрағасы, доктор, профессор Сабри Хизметли және директор Молдағұлова Мая Қаршығаевна құттықтау сөздерімен бастады. Түрлі ұлттық тамақтарымызбен толтырып дастарқан жайылып, ән, би, күй, ойнатылды. Студенттер ұлттық киімдерімізді киіп, ата- дәстүрді жалғастырды.