Бүгін 23.09.2022 жылы Жоғары Қазақ-Түрік гуманитарлық технологиялық колледжінде 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ақаева Ғалияның ұйымдастыруымен "Жасай бер қазақ тілі, Ана тілі" атты мерекелік іс шара өтті. Жоғарғы Қазақ-түрік гуманитарлық техникалық колледжінің КДМ мүшелерімен студенттермен өткен іс шара жоғарғы деңгейде өтті. Концерттік бағдарлама, Кажияхмет Дарын Сапарғали мен Ақботаның жүргізуімен бастау алды. Тортай Айнара « Мен Қазақпын» әнің орындап Нурболатова Ая мен Нурболатова Аяжан, Ахмет Байтурсынұлы мен Ыбырай Алтынсарин жайлы мәліметтемен бөлісіп, кеш қонақтары "сұрақ-жауап" ойынын ойнады. Айтмуханова Аружан "Aşka gel" әнімен кеш жалғасып, колледж студенттері өлең оқып, Жанерке мен Аяулымның қатысуымен колледж студенттерінің орындауында "Достық биі" орындалып, Серік Дәулеттің орындауында « Жаным қазақ» әнімен кеш өз мәресіне жетті. КДМ президенті Қилыбай Қуанышпен колледж президенті Серік Дәулеттің басқаруымен кеш жоғары деңгейде өтті.