14 наурыз күні Жоғары қазақ – түрік гуманитарлық – технологиялық колледжі Наурыз мейрамының басы Көрісу күнін атап өтті.
Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.