"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар"
25 қазан-Республика күні мерекесіне орай колледжімізде оқытушылар арасында "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" эстафеталық сайыс өтті Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Түрі: Эстафеталық сайыс. Эстафеталық сайысты колледж ректоры Сабри Хизмитли құттықтау сөзімен ашты. Эстафеталық сайыс өте жоғарғы деңгейде өтті. Сайысқа белсене атсалысып, І- орынға қол жеткізген оқытушыларды Алғыс хаттармен марапаттады. Қайта жаңғырған ұлттық мереке халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды қадам. Елдіктің еңселі рухы, бірліктің биік байрағы мәңгі көгімізде желбіресін! Ұлттың ұлық мерекесі құтты болсын!!!