ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ- АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ


ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ - ТҮРІК ГУМАНИТАРЛЫҚ -ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Дуалды оқыту — заман талабы

Жоғары қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжі  № 209 мектеп гимназиясымен бірігіп педагогикалық мамандықтар бойынша дуалды оқытудың инновациялық бағдарламасын іске асырмақ. Дуалды оқыту – кәсіби білім беруде практика мен теорияның біріктірілуі. Оқытудың практикалық бөлігі өндірісте, ал теориялық бөлігі білім беру ұйымының базасында өтеді.

Жоғары басқару органының төрағасы, философия ғылымдарының докторы, профессор Сабри Хизметли дуалды оқытуға ден қоюдағы басты мақсатымыз — жастардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру екендігін атап өтті. Осыны негізге ала отырып қос диплом беруді де көздеп отырмыз, келешекте тек Түркия елінде ғана емес, Еуропада да бағаланатын болады. Осы жылы колледж қолданбалы бакалавриатпен толығады. Бүгінгі күні колледж жоғарғы деңгейдегі оқу орындардың бірі болып саналады,- деп өз сөзінде айтып өтті.

Колледж директоры Қамбай Гүлім Жалғасынқызы дуалды оқытудың еркешелігін айта кетті. Мәселен, бала кәсіпорында 60 пайыз, оқу орында 40 пайыз білім алады. Сонда біліммен қоса тәжрибе де алмасады. Білім алушының түрік және ағылшын тілін меңгеріп шығуына толық мүмкіндік бар. Өз сөзінде мектеп-гимназия директоры Болат Ханатұлына және мектеп ұжымына серіктестігі үшін үлкен алғысын білдіріп, бірлесіп білім мен тәрбие беруге дайын екенін жеткізді.

Теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы — дуалды оқыту жүйесінің кәсіптік-техникалық білім берудегі алатын орны ерекше. Жас маман кәсіби біліктілік, дағды мен іскерлік қасиеттерін тікелей жұмыс орнында меңгеріп, тәжірибе алмасып, жан-жақты дами алады. Педагогикалық бағытта сапалы білім алып қоймай, түрік, ағылшын, тіпті парсы тілдерін меңгеріп шығу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар алдағы уақытта қос мемлекеттің дипломын алып жатса жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады.

Жоғары қазақ-түрік
гуманитарлық-технологиялық колледжі
+7 (727) 379 78 94
+7 (727) 379 78 93
Қазыбек би, 168, Алматы, Қазақстан
aktgtk309@mail.ru