Қазақстан Республикасының 2022 жылғы Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Жоғары қазақ-түрік гуманитарлық - технологиялық колледжінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған “Қазақстан - Ұлы Отаным” атты мерекелік кешімізге Республикалық қоғамдық бірлестік «Желтоқсан ақиқаты» патриоттық қозғалысының директоры, желтоқсан ардагері Құрымбаев Болат Тоқтобайұлы қатысты.

Мерекелік кеш Жоғары басқару органының төрағасы, доктор, профессор Сабри Хизметли қолдауымен, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ғ.Ә.Ақаева ханымның ұйымдастыруымен Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі мен патриоттық тәрбие жайында баяндамалар оқылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жоғары қазақ-түрік
гуманитарлық-технологиялық колледжі
+7 (727) 379 78 94
+7 (727) 379 78 93
Қазыбек би, 168, Алматы, Қазақстан
aktgtk309@mail.ru