01.08.2024ж.
2024-2025 оқу жылында оқытушы педагогтар мен әкімшілік-басқарушылық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау конкурстық негізде келесі тәртіппен іске асырылады:
Үміткерлер түйіндемелерін вакансияға хабарландыру мәтінінде көрсетілген электрондық поштаға, ваканттық позициясының атауын көрсетіп жолдауға тиіс, ваканттық позициясының атауы көрсетілмеген өтінімдер қаралмайды.
«Жоғары қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжі» ЖМ (бұдан әрі ЖҚТГТК) келіп түскен түйіндемелер көрсетілген талаптарға сәйкестігін байқау комиссиясы қарастырады. Іріктеуден өткен үміткерлер әңгімелесуге шақырылады.
Байқаудан өтпеген ЖҚТГТК -де қызмет көрсете алмайды.
Оқытушы-педагог конкурсына талапкер болу үшін 3 жылдан кем емес педагогикалық өтілі (тәжірибесі) болу керек.
Құжат қабылдайтын соңғы күн – 15 тамыз 2024 жыл.
Конкурсты өткізу күні - 16 тамыз 2024 жыл, сағат 09.00 - 17.00 аралығында.
ЖҚТГТК қызметкері емес тұлғалар байқауға қатысу үшін мына құжаттарды тапсырады:
жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
Тұруға ықтияр хат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды көшірмелеріжәне салыстыру үшін түпнұсқалары;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
наркологиялық ұйымнан анықтама;
тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
сурет 3х4 (2 дана);
конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты (ғылыми жұмыстар, жарияланымдар мен өнертабыстар тізімі (соңғы 3 жыл), алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынысы және т.б.) электрондық портфолио түрінде қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқытушы-педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсыну өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
- Конкурсқа қатысушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар ЖҚТГТК-дің оқытушы-
педагог лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
- Байқауға қатыспаған ЖҚТГТК қызметкерлері мен үміткерлер 2024-2025 оқу жылында жұмысқа қабылданбайды.
Жалақы мен үстемеақылар қол жеткізілген нәтижелердің сапасына және үміткердің ғылыми-педагогикалық дәрежесіне байланысты белгіленеді.
Оқытушы-педагогтар және әкімшілік персонал 3 айлық сынақ мерзімінен өтеді. Сынақтан табыспен өткендердің жалақы мен үстеме ақыларына 10-15 % қосылады.
Сынақ мерзімінен табыспен өтпегендер қызметтен босатылады.
ЖҚТГТК-нің Басшылары (Директор, директордың орынбасарлары және педагог-психолог) аптасына 8 сағат сабаққа кіреді және оған үстемеақы төленбейді.
Жалақы мен үстемақылар қол жеткізілген нәтижелердің сапасына байланысты белгіленеді.
Байқауға қатыспаған ЖҚТГТК қызметкерлері мен үміткерлер 2024-2025 оқу жылында жұмысқа қабылданбайды.
Құжаттарды қабылдау 15.08.2024 ж. сағ. 17.00-ге дейін төмендегі мекен-жай бойынша жүзеге асырылады:
050026, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қазыбек би к-сі, 168 № 47 бөлме, сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін. Тел.: 8 (727)3797894,
Түйіндемені vacancy@zhktgtk.kz электрондық мекен-жайға жіберу.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон бойынша хабарласуға болады:
+7 7072002645, +7 7784315806
Әкімшілік-басқару персоналы және оқытушы-педагог бос лауазымдарының тізбесі
Бос лауазымдар тізбесі |
Бірлік саны |
Бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы |
1 |
Жатақхана директоры |
1 |
Бухгалтер |
1 |
Аспазшы |
2 |
Аспазшының көмекшісі |
2 |
Пекарь |
1 |
Вахтер |
3 |
Ыдыс жуушы |
1 |
Техникалық персонал |
4 |
Медпункт қызметкері (Медбике) |
1 |
Арнайы пән оқытушылары – Туризм, Педагогика, Бағдарламалау, Менеджмент, Маркетинг, Есеп және аудит, Қонақ-үй бизнесі, Аудармашы, Бастауыш шет тілінен білім беру, Дизайн мамандықтарынан: |
18 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер |
18 |
Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы: |
2 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер |
2 |
Шетел тілі ( ағылшын,түрік) оқытушысы |
8 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер |
8 |
Орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы |
2 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер |
2 |
Математика, Жоғары математика оқытушысы |
2 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер |
2 |
Информатика пәнінің оқытушысы |
4 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер |
4 |
Физика пәнінің оқытушысы |
1 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер |
1 |
Химия пәнінің оқытушысы |
1 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер |
1 |
Биология пәнінің оқытушысы |
1 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер |
1 |
География пәнінің оқытушысы: |
2 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер |
2 |
Тарих пәнінің оқытушысы: |
1 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер |
1 |
Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы: |
2 |
Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер / Спорт шебері |
2 |
|
|
Ескерту: 1. Оқытушы-педагогтар білім алу тіліне байланысты мамандықтарға сәйкес іріктеледі.
Оқу үдерісі 4 тілде (қазақ, орыс, түрік, ағылшын) жүргізіледі.
2. Жатақхана мен асхана персоналдарының жалақысын «Орталық Азия мәдениет
қоры»- қоғамдық қорының атынан жатақхана басқармасы төлейді.
Бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы |
|
Бухгалтер |
|
Жатақхана директоры |
|
Аспазшы |
|
Ыдыс жуушы |
|
Техникалық персонал |
|
Медпункт қызметкері (Медбике) |
|
Барлық мамандықтардың пән оқытушыларына қойылатын
біліктілік талаптары
Лауазым |
Негізгі талаптар |
Педагог
|
|
Аға оқытушы |
|
Педагог-модератор |
|
Педагог-сарапшы |
|
Педагог-зерттеуші |
|
Педагог-шебер |
|
Педагог-психолог (психолог) |
|
Педагогтің лауазымдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "преподаватель/оқытушы" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;
оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
ата-аналарға кеңес береді;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика мен психология;
пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар;
Колледж жарғысы және регламенттер.