13.05.2024 ж.

БОС ЛАУАЗЫМ!

«ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ЖМ

ПЕДАГОГТЕР МЕН ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ПЕРСОНАЛ БОС ЛАУАЗЫМЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

2024-2025 оқу жылында педагогтер мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдау конкурстық негізде келесі тәртіппен іске асырылады:

Үміткерлер түйіндемелерін вакансияға хабарландыру мәтінінде көрсетілген электрондық поштаға, ваканттық позициясының атауын көрсетіп жолдауға тиіс, ваканттық позициясының атауы көрсетілмеген өтінімдер қаралмайды.

«Жоғары қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжі» ЖМ (бұдан әрі ЖҚТГТК) келіп түскен түйіндемелер көрсетілген талаптарға сәйкестігін байқау комиссиясы қарастырады. Іріктеуден өткен үміткерлер әңгімелесуге шақырылады.

Құжат қабылдайтын соңғы күн – 25 маусым 2024 жыл.

Конкурсты өткізу күні - 26 маусым 2024 жыл, сағат 09.00 - 17.00 аралығында.

ЖҚТГТК қызметкері емес тұлғалар байқауға қатысу үшін мына құжаттарды тапсырады:

  1. 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы басқару кеңесінің төрағасының атына өтініш;

  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

  3. Тұруға ықтияр хат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);

  4. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

  5. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды көшірмелеріжәне салыстыру үшін түпнұсқалары;

  6. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

  7. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

  8. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

  9. наркологиялық ұйымнан анықтама;

  10. тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

  11. сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

  12. түйіндеме;

  13. сурет 3х4 (2 дана);

  14. конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты (ғылыми жұмыстар, жарияланымдар мен өнертабыстар тізімі (соңғы 3 жыл), алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынысы және т.б.) электрондық портфолио түрінде қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

  15. 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсыну өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

  • Конкурсқа қатысушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар ЖҚТГТК-дің Педагог лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Байқауға қатыспаған ЖҚТГТК қызметкерлері мен үміткерлер 2024-2025 оқу жылында жұмысқа қабылданбайды. 

  • Жалақы мен үстемеақылар қол жеткізілген нәтижелердің сапасына және үміткердің ғылыми-педагогикалық дәрежесіне байланысты белгіленеді.

  • Оқытушы-педагогтар және әкімшілік персонал 3 айлық сынақ мерзімінен өтеді. Сынақтан табыспен өткендердің жалақы мен үстеме     ақыларына 10-15 % қосылады.

  • Сынақ мерзімінен табыспен өтпегендер қызметтен босатылады.

  • ЖҚТГТК-нің Басшылары (Директор, директордың орынбасарлары және педагог-психолог) аптасына 8 сағат сабаққа кіреді және оған үстемеақы төленбейді.

  • Жалақы мен үстемақылар қол жеткізілген нәтижелердің сапасына байланысты белгіленеді.

Байқауға қатыспаған ЖҚТГТК қызметкерлері мен үміткерлер 2024-2025 оқу жылында жұмысқа қабылданбайды.

Құжаттарды қабылдау 25.06.2024 ж. сағ. 17.00-ге дейін төмендегі мекен-жай бойынша жүзеге асырылады:

050026, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қазыбек би к-сі, 168 №47 бөлме, сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін. Тел.: 8 (727)3797894,

Түйіндемені vacancy@zhktgtk.kz  электрондық мекен-жайға жіберу.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон бойынша хабарласуға болады: +7 7072002645,

+7 7784315806

 

Әкімшілік-басқару персоналы және педагог бос лауазымдарының тізбесі

 

Бос лауазымдар тізбесі

Бірлік саны

Директор

1

Оқу-әдістеме және ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары

1

Тәрбие және өндірістік оқыту жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары

1

Кадр бөлімінің маманы/ HR менеджер

1

Іс-қағаз жүргізуші

1

Әдіскер

1

Бөлім меңгерушісі

1

Бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы

1

Жатақхана директоры

1

Бухгалтер

1

Техник-программист

1

Кітапханашы

1

Аспазшы

2

Ыдыс жуушы

1

Техникалық персонал

4

Медпункт қызметкері (Медбике)

1

Арнайы пән оқытушылары – Туризм, Педагогика, Бағдарламалау, Менеджмент, Маркетинг, Есеп және аудит, Қонақ-үй бизнесі, Аудармашы, Бастауыш шет тілінен білім беру, Дизайн мамандықтарынан:

18

Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер

18

Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы:

2

Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер

2

Шетел тілі оқытушысы

8

Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер

8

Орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы

2

Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер

2

Математика, Жоғары математика оқытушысы

2

Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер

2

Информатика пәнінің оқытушысы

1

Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер

1

Физика пәнінің оқытушысы

1

Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер

1

Химия пәнінің оқытушысы

1

Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер

1

Биология пәнінің оқытушысы

1

Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер

1

География пәнінің оқытушысы:

1

Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер

1

Тарих пәнінің оқытушысы:

2

Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер

2

Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы:

2

Педагог-модератор / Педагог-сарапшы / Педагог-зерттеуші / Педагог-шебер / Спорт шебері

2

 

 

Педагог-психолог (психолог)

1

Ескерту:  

  • Оқытушы-педагогтар білім алу тіліне байланысты мамандықтарға сәйкес іріктеледі. Оқу үдерісі 4 тілде (қазақ, орыс, түрік, ағылшын) жүргізіледі.

  • Жатақхана мен асхана персоналдарының жалақысын «Орталық Азия мәдениет қоры»- қоғамдық қорының атынан жатақхана басқармасы төлейді.

 

Әкімшілік-басқарушылық персоналға қойылатын

біліктілік талаптары

 

Лауазым

Негізгі талаптар

Директор

  • жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;

  • педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 3 жыл өтілі;

  • жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

  • немесе білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

  • немесе "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесінің болуы;

  • соңғы 2 жылда әкімшілік тәртіп бұзу жазасы болмауы;

  • кәсіби бағдар беру жұмысымен айналысу.

Оқу-әдістеме және ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары

  • жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім;

  • білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

  • педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы (оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде);

  • немесе "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының немесе білім беру ұйымы "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

  • немесе "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесінің болуы;

  • соңғы 2 жылда әкімшілік тәртіп бұзу жазасы болмауы;

  • кәсіби бағдар беру жұмысымен айналысу.

Тәрбие және өндірістік оқыту жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары

  • жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім;

  • білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

  • немесе 3 жылдан астам жұмыс өтілі бар білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы;

  • соңғы 2 жылда әкімшілік тәртіп бұзу жазасы болмауы;

  • кәсіби бағдар беру жұмысымен айналысу.

Кадр бөлімінің маманы/ HR менеджер

  • Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • Кадр қызметіндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
  • ҚР ЕК және кадрлық іс жүргізу негіздерін өте жақсы білу;
  • 1С ЗУП 8.3 жұмыс істей білу;
  • соңғы 2 жылда әкімшілік тәртіп бұзу жазасы болмауы;

  • кәсіби бағдар беру жұмысымен айналысу.

Іс-қағаз жүргізуші

  • Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл;
  • ҚР ЕК және кадрлық іс жүргізу негіздерін өте жақсы білу;
  • кәсіби бағдар беру жұмысымен айналысу.

Әдіскер

  • Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • жұмыс тәжірибесі кемінде 4 жыл;
  • білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;

  • соңғы 2 жылда әкімшілік тәртіп бұзу жазасы болмауы;

  • МЖМБС, ҮОЖ және ОЖЖ білу;

  • кәсіби бағдар беру жұмысымен айналысу.

Бөлім басшысы

  • жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім;

  • білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

  • педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог-модератор немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде);

  • немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы;

  • соңғы 2 жылда әкімшілік тәртіп бұзу жазасы болмауы;

  • кәсіби бағдар беру жұмысымен айналысу.

Бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы

  • «Бастапқы әскери оқыту және дене тәрбиесіоқытушысы» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет өткерген, жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжаты бар запастағы офицерлер;

  • білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

  • соңғы 2 жылда әкімшілік тәртіп бұзу жазасы болмауы;

  • кәсіби бағдар беру жұмысымен айналысу.

Бухгалтер

  • Жоғары кәсіби бухгалтерлік білім (қосымша курстар бойынша сертификаттар құпталады);
  • 1С 8 нұсқасын жақсы білу;
  • ДК сенімді пайдаланушысы,
  • кеңсе бағдарламаларын білу (Excel, Word бағдарламаларында жұмыс істей білу);
  • жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем.
  • кәсіби бағдар беру жұмысымен айналысу.

Жатақхана директоры

  • Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
  • ҚР ЕК және кадрлық іс жүргізу негіздерін өте жақсы білу;
  • соңғы 2 жылда әкімшілік тәртіп бұзу жазасы болмауы;

  • кәсіби бағдар беру жұмысымен айналысу.

Техник-программист

  • Жоғары техникалық (инженерлік) білім;
  • - C/C++, Java, Python және т. б. бағдарламалау бойынша білім және негізгі тәжірибе;
  • 1С бағдарламамен жұмыс істеу дағдылары;
  • БҚ тестілеу процесін білу (әдістер, техникалар, тәсілдер); нұсқаларды бақылау жүйелерімен жұмыс тәжірибесі мен білімі (version control); міндеттерді қадағалау жүйелерімен жұмыс тәжірибесі мен білімі (task tracker, bug-tracking etc); электроникамен және робототехникамен әуестену; Android, Windows/Linux-пен жұмыс істеу дағдылары мен білімі болғаны құпталады.
  • кәсіби бағдар беру жұмысымен айналысу.

Кітапханашы

  • Жоғары кітапханалық білім;
  • тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде автоматтандырылған кітапханалық жүйені білу,
  • қазақ және орыс тілдерінде сауатты жазу.
  • компьютердің сенімді пайдаланушысы-MS Office
  • кітапхана саласында, қорды толықтыру саласында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
  • кәсіби бағдар беру жұмысымен айналысу.

Аспазшы

  • Жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім;

  • аспаз лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;

  • азық-түліктің сапасына, сақтау мерзіміне, шарттарына қойылатын талаптарды сақтау;

  • өндіріс технологиясын білу;

  • ысырапты азайту және өнімдерді жылумен өңдеу кезінде олардың тағамдық құндылығын сақтау тәсілдерін білу;

  • тамақ шикізатының түрлері мен қасиеттері, рецептуралары мен дайындау тәсілдері туралы өте жақсы білім;

  • жауапкершілік.

Ыдыс жуушы

  • жалпы орта білім;
  • ас үй жұмысшысының немесе ыдыс жуушының жұмыс тәжірибесі;
  • жауапкершілік, тазалық.

Техникалық персонал

  • Жалпы орта білім;
  • 1 жылдан жұмыс тәжірибесі;
  • жауапкершілік, тазалық.

Медпункт қызметкері (Медбике)

  • Жоғары немесе техникалық және кәсіптік медициналық білімінің болуы;
  • қолданыстағы медициналық маман сертификаты;
  • 1 жылдан кем емес ұқсас жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • АИТВ, В, С гепатитіне талдау нәтижелерімен қолданыстағы санкнижканың болуы;
  • асептика, антисептика ережелерін, стерилдеу режимдерін білу;
  • ұжымда жұмыс істей білу;
  • стресске төзімділік.
  • кәсіби бағдар беру жұмысымен айналысу.

 

Барлық мамандықтардың пән оқытушыларына қойылатын

біліктілік талаптары

Лауазым

Негізгі талаптар

Педагог

 

  • тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы;

  • педагог лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

  • оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын білу;

  • білім алушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;

  • білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

  • білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

  • кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;

  • Кәсіби-бағдар беру жұмысымен айналысу.

Аға оқытушы

  • тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы;

  • педагог лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

  • оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын білу;

  • білім алушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;

  • білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

  • білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

  • өз мамандығы бойынша оқу, оқу-әдістемелік оқулық немесе оқу құралдары, ғылыми мақалалары және жұмыстары болу;

  • кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;

  • Кәсіби-бағдар беру жұмысымен айналысу.

Педагог-модератор

  • "педагог" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді сонымен қатар:

  • оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы, аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болуы немесе кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болуы.

  • Кәсіби-бағдар беру жұмысымен айналысу.

Педагог-сарапшы

  • "педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:

  • ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларын меңгеру;

  • білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы түрде айқындау;

  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, облыс деңгейіндегі конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы.

  • Кәсіби-бағдар беру жұмысымен айналысу.

Педагог-зерттеуші

  • "педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:

  • сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

  • білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

  • облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жабдықтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);

  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы;

  • "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болу;

  • аудан (облыстық маңызы бар қала), облыс (бар болса)деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын сындарлы айқындау;

  • тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтар үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім мазмұнын сараптау Республикалық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "сарапшылардың электрондық базасына" (бұдан әрі-білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы) немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті (болған жағдайда) жанындағы РОӘК ұсынған (бұдан әрі - ТжКБД) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу – әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіру;

  • елдің, облыстың теледидарында трансляциялау үшін енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне -, теле сабақтар дайындау (Бар болса);

  • интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін тарату;

  • Кәсіби-бағдар беру жұмысымен айналысу.

Педагог-шебер

  • "педагог-шебер" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:

  • Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы РОӘК-те мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы тиіс. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе ЖЖОКБҰ жанындағы РОӘК ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылар құрамына кіруі немесе WorldSkills чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болуы;

  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болу немесе республикалық немесе халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындау;

  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болу немесе республикалық немесе халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындау;

  • "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болу;

  • интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін тарату;

  • тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс, республика деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау (бар болса);

  • республикалық білім беру мазмұнын сараптау Ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі немесе ТКББД жанындағы РОӘК ұсынған сарапшылар құрамына кіру;

  • республика деңгейінде тәжірибені жинақтау, тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтар үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

  • елдің, облыстың теледидарында трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне-сабақтар, телесабақтар дайындау (бар болса);

  • Кәсіби-бағдар беру жұмысымен айналысу.

Педагог-психолог (психолог)

  • "Педагогика және психология" бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім;

  • жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

  • заманауи психологиялық әдістерді қолдану;

  • балалармен диагностикалық, түзету жұмыстарын жүргізу;

  • балалардың эмоционалды әл-ауқатын, тиімді дамуын қамтамасыз ету;

  • білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

  • педагогикалық ұжым мен ата-аналарға психологиялық білім беруді жүзеге асыру;

  • жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, балалармен жұмыс жүргізу;

  • балалармен, педагогтармен, ата-аналармен проблемалық (стандартты емес) жағдайларда жұмысты ұйымдастыру;

  • ересектердің балалармен қарым-қатынасын қамтамасыз ету және реттеу;

  • әлеуметтік бейімделудің белсенді әдістерін қолдану;

  • ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;

  • әр түрлі профильдер мен мақсаттардағы психологиялық диагностиканы жүргізу, балалармен жеке жұмыс жүргізу;

  • шығармашылық топты басқару, психологиялық – педагогикалық қызметтің өзекті мәселелері бойынша конференцияларға, семинарларға қатысу;

  • психологиялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың инновациялық тәжірибесін енгізу;

  • Кәсіби-бағдар беру жұмысымен айналысу.

 

Педагогтің лауазымдық міндеттері:

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

  • білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

  • білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "преподаватель/оқытушы" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

  • білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

  • пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

  • бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

  • журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;

  • оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

  • оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

  • оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

  • білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

  • инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

  • арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

  • интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

  • әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

  • ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

  • ата-аналарға кеңес береді;

  • кәсіби құзыреттілікті арттырады;

  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

  • білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

  • ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

  • тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

  • білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

  • оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

  • педагогика мен психология;

  • пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

  • педагогикалық этиканың нормалары;

  • медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;

  • оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;

  • құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;

  • еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар;

  • Колледж жарғысы және регламенттер.

Жоғары қазақ-түрік
гуманитарлық-технологиялық колледжі
+7 (727) 379 78 94
+7 (727) 379 78 93
Қазыбек би, 168, Алматы, Қазақстан
aktgtk309@mail.ru