ХАБАРЛАНДЫРУ!

ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ (ЖҚТГТК) ҰСЫНАДЫ!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ KAZAKH-TURK INTERNATIONAL ACADEMY

«КҮЛТЕГІН»ҒЫЛЫМИЗЕРТТЕУИНСТИТУТЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Жоғары қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжі (ЖҚТГТК), Kazakh- Turk International Academy және «Күлтегін» Ғылыми Зерттеу Институтымен бірге Ұлы даланың ұлық перзенті – екінші ұстаз Әл-Фарабидің 1150 Мерейтойына арнап: «Ойшыл - ғалым Фараби: өмірбаяны, философиясы және шығармашылығы» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция ұйымдастырып отыр. Конференция зиялы қауым, ЖОО-ның профессорлары, фарабитанушылар, академиктер, оқытушы-педагогтар және жоғары колледждің соңғы курс білім алушыларының қатысуымен 29-30 қараша 2024 жылы өткізіледі.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның негізгі бөлімдері: 

I. ЖАЛПЫ ОТЫРЫС: «Әл-Фарабидің өмірбаяны және ғылыми қасиеті» 

II. ЖАЛПЫ ОТЫРЫС: «Әл-Фарабидің философиясы және шығармашылығы» 

IIІ. ЖАЛПЫ ОТЫРЫС: «Конференцияны талқылау және қорытындылау, марапаттау және сертификат тапсыру» 

Конференцияның тілдері: қазақ, түрік, орыс, ағылшын, араб т.б. түркі тілдерінде жүргізіледі.

Конференцияның өтетін орны: Қазыбек би көшесі 168, Фараби залы, Алмалы ауданы. 

Конференция материалдары PDF (форматында) жинақ ретінде жарияланады, сондай-ақ ЖҚТГТК сайтына орналастырылады. Конференцияға ұсынылған мақалалар тегін жарияланады.

Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар.

Жарияланымға көлемі 3-тен  7 бетке дейінгі мақалалар қабылданады.

Негізгі мәтіннің алдында, жеке жолдың жоғарғы сол жақ бұрышында УДК; төмендегі аралықта мақаланың атауы – бас әріптермен, Times New Roman, өлшемі - 12, жартылай қалың қаріппен; автор/авторлар (тегі, аты – жөні), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы-кіші әріптермен, Times New Roman, өлшемі-12, жартылай қалың қаріп, курсив; қала, ел-кіші әріптермен, Times New Roman, өлшемі - 12, қалың, курсив; жұмыс орны мен лауазымы, Times New Roman, өлшемі - 12, курсивпен көрсетіледі, ортаңғы бөлігінде беріледі.

Аннотация (50-100 сөз) және кілт сөздер (5-7 сөз) – кіші әріптермен, Times New Roman, өлшемі - 12, қарапайым қаріпте көрсетіледі.

Мақаланың атауы, авторы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қаласы, елі, аннотациясы және кілт сөздері мақала тілінде және ағылшын тілінде беріледі. Кілт сөздерден кейін бір жол өткізіліп, негізгі мәтін басылады. Мәтіндік редактордың параметрлері: барлық өрістер 2 см, негізгі мәтін: Times New Roman шрифті, өлшемі - 12, аралық интервал–стандартты, ені бойынша теңестіріледі, абзац–1,25 см, парақтың бағыты – кітап үлгісінде.

Суреттер мен кестелер мәтінге енгізіледі. Дәйек сөз келтірілген әдеби дереккөздерге, сілтемелер мәтіндегі сілтеме ретімен дәйексөз беттерін көрсете отырып, мәтіннің барысы бойынша төртбұрышты жақшада рәсімделеді.

Мәтіннің соңында әдебиеттер тізімі беріледі, онда тек мақала мәтінінде сілтемелері бар дереккөздер болуы керек.

Материалдарды ұсыну тәртібі

Конференцияға қатысу үшін 2024 жылғы 18 қарашадан кешіктірмей ұйымдастыру комитетіне aktgtk309@mail.ru «конференцияға қатысу» белгісімен электрондық түрде мынадай материалдар ұсыну қажет:

  1. қатысуға өтінім (қосымшаны қараңыз). Файл автордың тегі бойынша аталады, мысалы, Алпысбаев_өтінім.doc(x);

    1. мақала мәтіні. Файл автордың (бірінші автордың) тегі бойынша аталады, мысалы, Алпысбаев_мақала.doc(x).

Ұлы даланың ұлық перзенті – екінші ұстаз Әл-Фарабидің 1150 Мерейтойына орай: «Ойшыл - ғалым Фараби: өмірбаяны, философиясы және шығармашылығы» атты халықаралық конференцияның

БАҒДАРЛАМАСЫ

29 қараша-жұма күні 2024 жыл

9:00 - 9:30 – Тіркеу

9:30 - 10:15 – Ашылу-протокол сөздері

10:15 - 10:45 – Кофе – шәй үзілісі

10:45 - 12:45 – Жалпы отырыс

13:00 - 14:00 – Түскі ас

14:15 - 16:00 – Екінші жалпы отырыс

16:00 - 16:15 - Кофе – шәй үзілісі

16:20 - 18:00 – Үшінші жалпы отырыс

18:00 - 18:45 – сертификат тапсыру, марапаттау, қорытындылау, концерт

19:00 – Жабылу.

Қосымша

2024 жылғы 29-30 қарашада өтетін Ұлы даланың ұлық перзенті – екінші ұстаз Әл-Фарабидің 1150 Мерейтойына орай: «Ойшыл - ғалым Фараби: өмірбаяны, философиясы және шығармашылығы» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция қатысуға

ӨТІНІМ

1

Тегі, аты, әкесінің аты

2

Ғылыми дәрежесі мен атағы

3

Қызметі

4

Қала,ел,аудан

5

Баяндаманың атауы

6

Байланыс телефондары

7

E-mail

Мақала үлгісі:

ОӘЖ 624.25

ТАРИХ ТӨРІНДЕГІ ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒА – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ

Алпысбаев Е.К., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Жоғары қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжінің оқытушысы

Аңдатпа:

Кілт сөздер:

Мәтін, мәтін,мәтін

                            Әдебиеттер тізімі:

1. Васильевна Е.Н.Социология культуры: теория и практика // Журнал социологии. –2016. – №4. – С. 37-49.

АНЫҚТАМА ҮШІН ХАБАРЛАСАТЫН ТЕЛ.:

Алдажарова Арай Турыскановна + 77079610981aray_sadvakasova@mail.ru

Аккожина Шолпан Канатовна + 77478449205sholpan.akkozhin@bk.ru

АхмеджановаМайнур Жайшигалиевна +7 707365 33 42mainur_81@mail.ru

СулейкуловаНурсулу Тагайбековна + 7747 6096522  Suleikulovanursulu@gmail.com

 

Высший казахско-турецкий гуманитарно-технологический колледж
+7 (727) 379 78 94
+7 (727) 379 78 93
Казыбек би, 168, Алматы, Казахстан
aktgtk309@mail.ru